ШҚО: 10 саяжайды шарпыған өртті сөндіруге күшті жел кедергі келтіруде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы саяжай алабында өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қыркүйек күні сағат 15.00-де саяжай алабында өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

- Өрт 10 саяжай учаскесіндегі шаруашылық қора-жайларға жайылып кеткен. Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнында 13 техника мен жеке құрамнан 75 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Тілсіз жауды толықтай сөндіруге күшті жел кедергі келтіруде.


Соңғы жаңалықтар