ШҚО әкімі соғыс ардагерін арнайы барып құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов соғыс ардагері Павел Альбохті арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Павел Альбох Риддер қаласында тұрады. Аймақ басшысы майдангердің үйіне барып, келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

«1941 жылдың қараша айында ол әскери жиындарға шақырылды. Кейін Сызран қаласындағы авиациялық байланыс училищесіне жіберілді. Училищені бітіргеннен кейін 1943 жылы сержант атағымен 565 шабуылдау авиациялық полкіне қосылды. Жас сержант Павел Прокофьевич ұшақтардағы байланыс радиожабдығы механигінен бастап, Отан соғысы орденінің, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегеріне атанғанға дейін ұзақ соғыс жолынан өтті. Ардагерді шын жүрегіммен құттықтап, ізгі тілегімді жеткіздім», - деді Даниал Ахметов.

Павел Альбох соғыстан кейін құрылыс саласында жұмыс істеген. Риддердегі шағын аудандарды салуға қатысқан.

Оның ерлігі мен қайсарлығы - жас ұрпаққа үлгі. Ардагер қазір 98-ге келген.


Соңғы жаңалықтар