ШҚО-да 14 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 14 жылқы ұрлаған 3 барымташы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында Абай ауданындағы қылмыстық топты ұстады. 3 ер адам алдын ала сөз байласып, жылқы ұрлаумен айналысқан.

«Белгілі болғандай, олар 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін аудан тұрғындарына тиесілі 14 жылқыны айдап әкетіп, 5 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірді. Күдіктілердің бірінің қыстағын тексеру кезінде заттай дәлелдемелер – мал терілері мен тұяқтары табылды», - делінген хабарламада.

1975, 1981 және 1998 жылғы ер адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық топтың өзге мүшелерінің бар-жоғы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар