ШҚО-да 236 келі марал мүйізін ұрлаған ер адам Алматыда ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 236 келі марал мүйізі ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 236 келі мүйіз Зайсан қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі. 62 жастағы күзетші полицияға хабарласып, қызыл кітапқа енген аң мүйіздерінің ұрланғанын айтқан.

«Түнгі уақытта белгісіз біреу ЖШС аумағына кіріп, контейнердің құлыбын бұзып, мүйіздер салынған қораптарды ұрлап кеткені анықталды. Күдікті Алматы қаласында ұсталды. Ол 23 жастағы Зайсан ауданының тұрғыны болып шықты», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ер адам полиция қызметкерлерін байқаған кезде ұрланған мүйіздерден құтылмақ болып, көлігінен жолдың бойына лақтырып кеткен.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.


Соңғы жаңалықтар