ШҚО-да 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 22 қарашадан бастап өңір аумағында «Stop-трафик» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Мұндағы мақсат – жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесу, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтау және оларды орталықтандырылған есепке қою.

«Шара барысында Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притон ұстағандығы анықталды. Қазіргі уақытта осыған қатысты ҚР ҚК 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр. Енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда тиісу) 26 факті және 450-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) 2 факті тіркелген.


Соңғы жаңалықтар