+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді

2020 жылғы 21 қараша 22:53
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда Бір аптада 40 мың адам жол ережесін бұзды – ІІМ Түркістан облысында үш күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

2020 жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Шемонаиха-Усть-Таловка, Шемонаиха-Большая речка, Белағаш-Дмитриевка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткен.

Нақты айтқанда, Преображенка-Шұғылбай, Күршім-Алғабас, Үржар-Қызылту-Бургон, Новодворовка-Переменовка-Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберіс жол жөнделді.

Шығыс Қазақстандағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымды құрайды, оның 3,4 мыңы республикалық маңыздағы жолдар, 3,2 мыңы облыстық, 5,3 мың шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT