ШҚО-да 4 млн теңге пара алған шенеунікке 40 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын үй коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы» ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шыққан ақтау үкімі жойылды. Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына және мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айырылып, 40 млн теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Бұған дейін айтылғандай, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі М.Х.Мұсатаев жергілікті тұрғыннан ЖШС-ны өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы ретінде тану мәселесін оң шешіп бердім деп жаңылыстырып, 4 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген болатын.


Соңғы жаңалықтар