ШҚО-да 4 мың адам жаңа АӘК алуға өтініш берген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 2020 жыл басталғалы бері 4 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінде көпбалалы аналармен өткен дөңгелек үстел барысында АӘК тағайындау мәселесі талқыланды.

ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың айтуынша, бүгінде облыстың барлық 19 қалалары мен аудандарында бұл жәрдемақыны алуға 4 мың адам өтініш берген.

«Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін биыл 5,4 миллиард теңге бөлінді. Жұртшылыққа жаңа ережелерді түсіндіру үшін аймақ басшысының тапсырмасымен 258 ақпараттық топ құрылған. Әрбір мұқтаж жанға тиісті көмек көрсетіледі. Ең бастысы, туындаған мәселелерді шешу үшін қазір өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру қажет» - дейді ол.


Жиын барысында биылғы жылдан бастап көпбалалы аналарға берілетін жаңа жәрдемақы туралы кеңінен түсіндірілді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да биыл 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік жәрдемақы алуға ниетті екендігі хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар