+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ШҚО-да 82 жастағы кейуана өзін емшімін деп таныстырған алаяқтың тұзағына түскен

2020 жылғы 15 қыркүйек 22:25
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 82 жастағы кейуана өзін емшімін деп таныстырған алаяқтың тұзағына түскен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жалған емшіге алданған зейнеткер 2,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да алаяқтық жасаған учаскелік инспектор 1,1 млн теңге айыппұл төлейді Астанада алаяқ 50-ге жуық адамның атынан онлайн несие рәсімдеген

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, саябақта келе жатқан қарт кісінің қасына орта жастағы әйел келіп, оны әңгімеге тартады.

Ол зейнеткерге қарғыс тигенін айтып, «Барлық пәле-жала ақша мен алтын бұйымдарда тұр. Тез арада тазалау рәсімін жүргізу керек» дейді.

Бұған сенген қарт уағдаласқандай келесі күні 2 100 000 теңге көлеміндегі ақша мен жүзік, сырға сынды бірнеше алтын бұйымды әкеліп, алаяқтың қолына ұстатқан.

Жалған емші оның бәрін газетке орап, белгілі бір рәсім жасағандай кейіп танытады да «енді бұл газетті 3 күн бойы ашпаңыз» дейді.

«Осылайша 2,5 млн теңге мөлшерінде шығынға батқан жәбірленуші полицияға қоңырау шалды. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 1995 жылы туған күдіктіні және оның Павлодар қаласындағы 1986 жылғы сыбайласын қолға түсірді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT