+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

ШҚО-да апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады

2021 жылғы 3 наурыз 14:24
Бөлісіңіз:
ШҚО-да апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қараша айында Тарбағатайда суға кеткен 20 жастағы балықшының денесі табылды ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 13 адам жауапқа тартылды ШҚО-да құтқарушылар тауда аяғын сындырып алған адамға тікұшақпен көмекке келді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қалың қар жауып, қатты жел соғуына байланысты таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған орай мамандар «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тасжолында 3 рет жасанды жолмен қар түсірді. Барлығы 38700 текше метр қар түсіп, жолды толығымен жауып қалған.

«Облыста көшкін қаупі 7 наурызға дейін сақталады. Бүгін ауа райына байланысты ескерту де жарияланған. Осы ретте, тұрғындарға тауға баруды шектеуді сұраймыз. Көшкін жүруы ықтимал таулы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!. Көшкін қаупі жоғары учаскелерде жүрген кезде еш тоқтамаңыз және ол жерден жылдам өтіп кетуге тырысыңыз!», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 94 елді мекенді су басу қаупі бар екендігі хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT