+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

ШҚО-да әскери қызметкерлер су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда

2021 жылғы 14 сәуір 13:00
Бөлісіңіз:
ШҚО-да әскери қызметкерлер су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда әскери қызметшілер су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы өрт: Вице-министр Риддерге аттанды ШҚО-дағы өрт: Лесхоз кентінің тұрғындары үшін шұғыл желі жұмыс істей бастады Президент ШҚО-дағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Қарағанды облысынан келген № 52859 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға қарды шығару, арықтар мен су өткізу құбырларын тазалау жұмыстарына белсенді көмек көрсетуде.

Олар Алтай ауданында ұзындығы 53 метр мұзды кесті, 9 су өткізу құбырлары мен 3700 метр арықты тазалады, инертті материал салынған 720 қап төседі, 15 үйдің ауласы қар мен мұздан тазадланды. Жеке құрам тәулік бойы Бұқтырма мен Хамир өзендеріндегі жергілікті тоғанның су деңгейіне мониторинг жүргізуде.

Көкпекті ауданында 400 метр арық тазаланды, 16 аула мен 15 су құбыры тазаланып, 48 метр мұз кесілді, 2500 қап төселді.

Еске салатын болсақ әскери қызмтешілер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің нұсқауына сәйкес келген және су тасқыны қауіпті аудандарда орналасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT