ШҚО-да ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция көлемі екі есеге артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция көлемі екі есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы айтып өтті.

«Өңір бойынша негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 107,3% өсіммен 817,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде қаражаттың 13%-ы өңдеу өнеркәсібіне жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығына 1,8 есе өсіммен 71 млрд теңге инвестицияланды», - деді ол.

Даниал Ахметовтың айтуынша, облыста ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Өндіріс қуаты артып, мал басының саны өсіп, қосымша жұмыс орындары пайда болды. Негізгі қорлар жаңартылып, саланың инфрақұрылымы дамуда. 2,8 мың гектар алаңда суару жүйелерін салу бойынша 5 ірі жоба іске асырылды. 7 мың ірі қара мал басына 3 бордақылау алаңы салынған. Сонымен қатар қуаты 300 мың тоннаны құрайтын «QazaqAstyqGroup» май экстракциялық зауыты іске қосылды», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар