ШҚО-да балабақша кезегінде 24 мыңға жуық бүлдіршін тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 23 846 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім саласына арналған жиында мәлім еткендей, бүгінде өңір бойынша 787 мектепке дейінгі мекеме бар. Оларда 59 122 бала тәрбиеленуде.

«Мектептерде 447 шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ 11 987 бүлдіршін екі-үш сағаттық 278 шағын орталыққа барады. Алайда, бұл баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан аудан, қала әкімдіктері қысқа мерзімді орталықтарды күні бойы істейтін мектепке дейінгі мекемеге айналдыруы керек», - дейді ол.

Қазірде облыста балабақша кезегінде 23 846 бүлдіршін тұр. Балабақша тапшылығы, әсіресе Семей, Өскемен, Риддер, Алтай, Аягөз, Зайсан қалалары мен Глубокое, Ұлан, Үржар және Шемонаиха аудандарында байқалады.

«2025 жылға дейін барлық мемлекеттік балабақшалар мен шағын орталықтар ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына 100% жағдай жасауы тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 33% құрайды», - дейді Сайрангүл Жұмаділова.


Соңғы жаңалықтар