ШҚО-да бензинмен пеш жаққан 8 жасар бала күйіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ ТЖ комитеті 18 қараша күні еліміз аумағында пешті пайдалану ережесін сақтамау салдарынан зардап шеккендер туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында 2011 жылы туған ер бала қолы мен бет жүзінің күйік шалуы салдарынан ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, зардап шеккен бала пешті тұтату үшін бензин пайдаланған, қатты жалыннан оны күйік шалды», - делінген комитеті мәліметінде.

Сонымен қатар, 18 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақермен ауылында жеке тұрғын үйде табиғи газдан уланған 1983 жылғы келіншек ауруханаға жатқызылды. Бұған пешті пайдалану ережесінің сақталмауы себеп болған.

Сондай-ақ, дәл осы күні Қарағанды облысы Ақтоғай елді мекенінде мешіт аумағында бөлек тұрған қазандықта иіс тиіп уланған 1966 жылы туған азамат аурухағана жеткізілді. Анықталғандай, бұл оқиғада көмірмен жанатын пешті пайдалану ережесі сақталмаған.

Соңғы жаңалықтар