ШҚО-да бірнеше ауыл халқының наразылығын туғызған шошқа фермасы тексеріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында тұрғындар шағымынан соң шошқа фермасына табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы Степное, Шмелев Лог ауылдарының халқы жиналып, шошқа фермасының жұмысына наразылық білдірген.

Тұрғындардың айтуынша, фермада қалдықтарды орналастыру мен сақтауда заң талаптары сақталмайды.

«Алдын ала келіп түскен мәлімет бойынша «Родничок» шаруа қожалығына тиесілі аталған ферма Шмелев Лог және Лесхоз ауылдарында жұмыс істеуге қажетті экологиялық рұқсат қағаздарын рәсімдемеген. Қазіргі уақытта бұл мәселе департамент пен облыс прокуратурасының бақылауында», - делінген ақпаратта.

Фермаға ҚР табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Бұқтырмада салынып жатқан Қазақстандағы ең ұзын көпірдің 22 тіреуі болатынын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар