+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

ШҚО-да биыл 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек

2021 жылғы 21 сәуір 09:36
Бөлісіңіз:
ШҚО-да биыл 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы алты мыңға жуық пәтер пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ойрат Темірбаев: Кәсіпкерлерге қаржылай демеу көрсетіліп жатқаны қуантады Өскеменде 60 жастағы әйел суға батып кетті Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 29 адам эвакуацияланды

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«2021 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 1 057 800 шаршы метрді құрайтын 8 736 пәтер салу жоспарлануда. Оның ішінде биыл 5 975 пәтерді пайдалануға беру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 56 көппәтерлі, 10 бірқабатты, сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен 216 жалға берілетін және 225 кредиттік жеке тұрғын үй бой көтереді», - деді ол.

Бүгінгі таңда Өскемен әкімдігі тарапынан жеке инвесторларға жер телімдері берілді. 28-ші шағынаудан аумағында 8 үйде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, қалғандары бойынша дайындық жүргізілуде.

«Осы ретте, қала әкімі Жақсылық Омарға аптасына бір рет жеке құрылыс мекеме өкілдерімен кездесу өткізуді тапсырдым. Қазіргі уақытта өңір жұртшылығы арасында баспанаға үлкен сұраныс бар. Сондықтан біз барлық коммерциялық компанияларды жұмысқа тартуымыз қажет. Әрі келесі жылы облыс орталығында коммерциялық тұрғын үй құрылысының көлемін екі есеге арттыруымыз керек», - деді Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек, Аягөз ауданында әкімдік тарапынан жеке инвесторларға жер телімдері рәсімделіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT