+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ШҚО-да биыл 7,5 мың мұғалім арнайы курстан өтеді

2020 жылғы 14 ақпан 16:15
Бөлісіңіз:
ШҚО-да биыл 7,5 мың мұғалім арнайы курстан өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 7500 мұғалім біліктілігін арттырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады - ҚР БҒМ Қазақстан ЖОО-ларында қашықтан немесе аралас оқу түрі енгізілуі мүмкін Ақмолалық оқушылардың 96,2 пайызы желі арқылы оқуына мүмкіндігі бар

«Қазірде мектеп оқушыларының 95% жаңартылған мазмұн бойынша білім алып жатыр. Биыл 11-ші сыныптар да бұл бағдарламаға көшеді. Осы орайда педагогтарды арнайы курстардан өткізудің маңызы зор. Аймақ бойынша 6,5 млрд теңге бөлініп, 9152 мұғалім біліктілігін арттырған», - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім саласына арналған жиын барысында.

Биыл 7,5 мың мұғалім арнайы курстан өтпек. Жаңа оқулықтар сатып алуға 1,5 миллиард теңге бөлінген.

«Өңіріміздегі 43 мектептің директоры жоқ. Сондай-ақ білім ордаларына 267 мұғалім жетіспейді. Тапшылық әсіресе Өскемен, Риддер қалалары мен Ұлан, Тарбағатай, Аягөз, Катонқарағай, Көкпекті аудандарында байқалып отыр. Көбінесе ағылшын, математика, орыс тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып мұғалімдері қажет. Ал жыл сайын педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді 2 мыңнан астам студент бітіруде. Алайда олардың 500-і ғана мамандық бойынша жұмысқа орналасады», - дейді басқарма басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT