ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан 70 адам санаториялық-курорттық ем алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Тұрғындардан түскен сұрақтардың дені қабылдау барысында оң шешімін тауып, зерделеуге алынды. Сауал қойғандардың бірі – Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан Қажығали Байбатыр өзіне емес, барша ардагерлер үшін Алакөл жағалауына чернобыльдықтарға арналған жеке демалыс үйін салуды сұрады.
Өткен жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Алакөлде 21 чернобыльдық тынығып қайтқан. Биыл да Алакөл жағалауында оларға демалыс ұйымдастырылады.
«Жалпы бюджет қаражаты есебінен осы санаттағы азаматтар үшін ғана демалыс үйін салу мүмкін емес. Бірақ заңға сәйкес халықтың жекелеген санаттарын сауықтыру шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан 114 мүгедектің 70-ін санаториялық-курорттық емделуге жіберетін жеке бағдарлама әзірленді. Яғни, биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады», - деді Даниал Ахметов.
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін жетінші тур ойындары басталады
- Бүгін Қасым Қайсеновтың туған күні
- ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
- Биыл Қарағанды облысының 1200-ден астам тұрғыны көзіне тегін операция жасатты
-
Ақтөбеде соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі
-
23 сәуірде елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам