ШҚО-да биылғы оқу жылында 14 мұғалімнен коронавирус анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғалы бері 120 оқушы мен 14 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы оқу жылының дәстүрлі форматта басталғаны белгілі. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңір мектептерінде санитарлық нормалар қатаң сақталған. Алайда соған қарамастан білім беру мекемелерінде қауіпті дертке шалдыққандар анықталып жатыр.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айының басынан бері 120 оқушы мен 14 мұғалім коронавирусқа шалдыққан.

«Қазіргі уақытта 36 мектептегі 67 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Карантинге жабылған мектеп жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысында 20 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш аттаған. Жалпы аймақ мектептерінде 200 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр.


Соңғы жаңалықтар