ШҚО-да боранда жолда қалған балықшыларға көмек көрсетілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары боранда жолда қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кешелі бері өңірде ауа райы нашарлап, көктайғақ болып, қатты боран соғуда. Соған байланысты бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелген болатын.
«Халыққа алыс сапарға шықпау қажеттігі жайлы ескертулерімізге қарамастан екі балықшы автокөлікпен Алебастр су қоймасына шыққан. Бірақ жол-жөнекей көліктері бұзылып қалды. Оқиға орнына жедел №34 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткен. Олар 2 адамды эвакуациялап, жақын маңда орналасқан ауылдағы туған-туыстарының үйіне жеткізді», - делінген хабарламада.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
- Көкшетауда суцицид жасамақ 2 бойжеткен құтқарылды
- «Қызыл» аймақтағы Өскемен мен Семейде сауда орындары қалай жұмыс істейді
- Алакөлге баратын теміржол және автобус рейсінің саны артады
- Семейде 18 мектеп карантинге жабылды
-
Өскеменде көпқабатты жаңа үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен
-
Түркістан облысында үш бірдей көлікті соққан жүргізуші қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам