ШҚО-да бүркітшілер сынға түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында «Қансонарда бүркітші шығады аңға» республикалық бүркітшілер турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш күнге созылған көк тағыларының сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ден астам құсбегі қатысқан. Саятшылар қолға қондыру, еркін ұшыру, шырға салу сияқты үш кезеңде бақ сынасты. Шешуші сында бүркітшілер қыранды қоян мен түлкіге салды.

Жеңіске жеткен қатысушыларды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат марапаттап, сыйлықтар табыстады.

«Турнир қорытындысы бойынша бүркітшілер арасында Алматы облысынан келген Ермұхан Байетбай І орын, Алмас Сейтжан ІІ орын, ал атыраулық Арман Кушкаров ІІІ орын алды. Ителгіден I орынды Бақдәулет Бабажан (Тараз қаласы), II орынды Медет Шалипов (Алматы облысы), III орынды Сармат Абдулкаримұлы (Атырау облысы) иеленді. Ал қаршығадан I орынды Серікболсын Жалғасұлы (Нұр-Сұлтан қаласы) қанжығасына байласа, II орынды Бекасыл Сейітжан (Алматы облысы) алып, үздік үштікті Ерасыл Серікұлы (Нұр-Сұлтан қаласы) түйіндеді», - деп хабарлады ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар