+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

ШҚО-да дала өртінің 46 пайызы тұрғындардың абайсыздығынан шығады

2021 жылғы 22 сәуір 13:41
Бөлісіңіз:
ШҚО-да дала өртінің 46 пайызы тұрғындардың абайсыздығынан шығады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында дала өрті жиіліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте құрылыс материалдарын сататын бірнеше дүңгіршек өртеніп кетті Шығыс Қазақстанда 15 құтқарушы жер үйдегі өртті сөндірді ШҚО-да жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде бір күн ішінде 11 рет шөп жанған. Нақты айтқанда, Риддер қаласында тілсіз жау 3 шаршы метр, Жарма ауданында 140 шаршы метр, Ұлан ауданында 10 гектар, Бесқарағай ауданында 2 гектар, Алтай қаласында 200 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері аймақта жалпы ауданы 616 гектар шөп жанған. Қызыл жалынның шығуына негізінен – тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы себеп. Статистика көрсеткендей, барлық өрттердің 46%-ы өрт қауіпсіздігі ережелерін білмейтін немесе жауапсыздық танытқан тұрғындардың кінәсінен туындайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандарға ҚРӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Қазіргі уақытта облыс бойынша ӘҚБтК-нің 336-бабына сәйкес 64 азаматқа ескерту жасалды. Жағдайды бақылау үшін қалалық ТЖБ мамандары ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалануда. Дронның арқасында 200 метр биіктікте бақылау жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған учаскені тез анықтауға болады», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT