ШҚО-да дарынды 68 бала марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған 68 бала марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстың дарынды оқушыларымен және колледж студенттерімен кездесті. Бұл 68 бала қазақстандық және халықаралық деңгейдегі әртүрлі олимпиадалардың, конкурстардың, чемпионаттардың жеңімпаздары.

«Балалардың өздерін қызықтырған көптеген тақырыптарды, атап айтқанда, мәдениет, физика, математика, цифрландыру сынды салаларды тамаша меңгергендеріне таңғалдым. Біздің өскелең ұрпақтың жеткізген жоғары жетістіктері өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту үшін жасап жатқан жұмыстарымыздың да нәтижесін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта құзыреттілік орталықтары колледжде оқып жатқан жастарға іс-тәжірибе жинақтап, қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Даниал Ахметов.

Дарынды балалардың әрқайсысы грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ 40 оқушыға жүз мың теңгеден, ал 28 студентке ноутбуктер табыс етілді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Төтенше жағдайлар министрі Семейдегі ерлік танытқан жасөспірімдерді марапаттағанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар