ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сенбі-жексенбі күндері 13 өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыста өткен демалыс күндері 5 автокөлік, 5 тұрғын үй, 1 шаруашылық қора-жай, вагон мен монша өртенген.

«22 қаңтарда Семей қаласындағы Чайковский көшесінде жүріп келе жатқан кезінде «Хонда Аккорд» автокөлігінде өрт шықты. Жалынның жалпы ауданы – 1,5 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ осы күні Сәтбаев даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған 1992 жылғы «Ауди-80» автокөлігі отқа оранған. Мотор бөлшектері, салонның ішкі қаптамасы, аспаптар панелі жанды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу», - делінген ақпаратта.

Шемонаиха қаласында жеке тұрғын үйде шыққан қызыл жалынның жалпы ауданы 35 шаршы метрге жеткен. Дәліз бен шатырдың ағаш құрылымдары өртенді. Оттың шығуына – пешті монтаждау және орнату кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

«Глубокое ауданы Тарханка ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық қора-жайларда өрт шықты. Сол жерге шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер 34 шаршы метр алаңдағы тілсіз жауды толықтай ауыздықтаған. 23 қаңтарда Риддер қаласында Заречная көшесінде орналасқан жер үйдің ас бөлмесі өртенген. Қабырғалар, терезе мен есік блоктары, жиһаз жанды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – пешті орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болды», - делінген мәліметте.




Соңғы жаңалықтар