ШҚО-да екі күн ішінде 20-дан астам мас жүргізуші анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі күн ішінде 20-дан астам мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қарашадан бастап өңірде жол-көлік оқиғаларының және жол ережелерін бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

«2 күн ішінде 20-дан астам мас жүргізуші анықталды. Оның ішінде 5 адам көлік жүргізу құқығынан айырылса да рульге отырған. Сондай-ақ олардың арасында құжатсыз жүргендер де кездесті. Мас күйінде көлік құралдарын басқаратындарға жаза қатайғанмен әлі де заңға бағынбайтындар азаймай тұр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, облыс бойынша жедел алдын алу шарасы аясында 2248 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.



Соңғы жаңалықтар