ШҚО-да екінші ауысымдағы оқушылар мектепте бармайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты кейбір аудандарда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.

«Ұлан ауданында, Глубокое ауданы Белоусовка кентінде және Күршім ауданында 0-9 сыныптар мектепке бармайды. Ал таңертең Бесқарағай ауданының орталығында, Глубокое, Көкпекті, Ұлан аудандары мен Шемонаиха ауданының Пруггерово және Сугатовка ауылдарында 0-11 сыныптар қашықтан білім алған болатын», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ШҚО-дағы бірқатар ауданда көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқыған болатын.


Соңғы жаңалықтар