ШҚО-да есірткі шегіп алып көлік тізгіндеген 26 жастағы жігіт ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында есірткі қабылдап көлік тізгіндеген 26 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО gолиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Рубеж» стационарлық-бақылау бекетінде «Mitsubishi» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерінде 26 жастағы жүргізуші психотроптық заттарды қабылдап, соның әсерінде болуы мүмкін деген күдік туындады.

«Тағайындалған наркологиялық сараптама нәтижесі Шемонаиха ауданы тұрғынының есірткі қабылдағанын көрсетті. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігіне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.

26 жастағы жігіт 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік тізгіндеу құқығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар