ШҚО-да интернет алаяқтардың арбауына түскендер 1,5 есе артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдары интернет-алаяқтық фактілері артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, карантин уақытында интернет арқылы тауар сатып алатындар саны күрт өсті.

Мұны киберқылмыскерлер ұтымды пайдаланған. Осының салдарынан интернеттегі алаяқтардың тұзағына түскендер 1,5 есе артты.

«Әрбір екінші қылмысты облыстан және республикадан тыс жерде отырғандар жасаған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 50 алаяқ ұсталып, олардың 107 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды», - деді ШҚО ПД бастағы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, өңірде ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 27-28 қыркүйек күндері «Hi-tech» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар