ШҚО-да карантин шектеулері 3 мамырға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 3 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен еріктілер айналысады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің қатысуымен кеңестер мен семинарларды өткізуді азайту қажет.

«Семей қаласы, Абай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер және полиция департаменттері, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары өңірдің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапына қойылатын 2 және Қарағанды облысының тұсындағы 1 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. «Қызыл» аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР сынаманың теріс нәтижесі туралы үш тәуліктен аспайтын анықтаманың болуы міндетті», - делінген құжатта.

Сондай-ақ әлеуметтік қашықты және маска режимін сақтаған жағдайда көшеде, саябақта, алаңдар мен жағалауда серуендеуіне рұқсат берілген.


Соңғы жаңалықтар