ШҚО-да карантин талабын сақтамайтындарға айыппұл салынып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде шектеу талабын бұзудың 12 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторинг топтары карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көлікте, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізеді.

«10 маусым күні Өскеменде 193 нысанға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде ШҚО бас санитар дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 4 фактісі тіркелді. Семейде 245 объекті тексеріліп, маска режимін сақтамаған 8 адам анықталды. Сондай-ақ бұрын жасалған бұзушылықтар бойынша 218 775 теңге сомасына 5 айыппұл өндірілді» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Бұдан бөлек, Риддер қаласында мониторинг топтары 5 рейд өткізіп, соның барысында 72 нысан қамтылған.

Шаһар бойынша ешқандай бұзушылық анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар