ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 18 фактісі тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 18 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«18 сәуір күні Өскеменде 296 объектіге тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде карантин талабын бұзудың 8 фактісі анықталды. Ал Семей қаласында 378 нысан тексеріліп, шектеу шаралары мен қоғамдық көліктерде, сауда орындарында маска режимін бұзған 10 адам тіркелді», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар мониторингілік топтар Риддер, Курчатов қалалары мен Алтай, Аягөз, Үржар, Ұлан, Абай, Зайсан, Глубокое, Бесқарағай және Күршім аудандарында рейд жүргізді. Тексеру барысында ешқандай бұзушылық тіркелмеді.


Соңғы жаңалықтар