ШҚО-да қараусыз жайылған 50 жылқы тасжолды бөгеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында елу жылқы тасжол бойында қараусыз жайылып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Семей» тасжолының 53 шақырымында жайылып жүрген 52 жылқы автокөліктердің қозғалысына қауіп төндірді.

Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жылқыларды айдап әкетіп, иесіз мал жайылатын учаскеге жеткізді. Көп ұзамай жайылым ережелерін бұзған кәсіпкер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция ауыл әкіміне ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелеріне сәйкес жайылым ұйымдастыруды ұсынды», - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.



Соңғы жаңалықтар