ШҚО-да қарғын суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қарғын суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен Бородулиха ауданы Орловка ауылындағы жергілікті атқарушы орган өкілдері суды сору жұмыстарын аяқтады. Соның нәтижесінде, барлығы 60 текше метр су тартылған. Ұзындығы 300 метр, тереңдігі 2,5 метрге жететін су ағызатын канал елді мекеннен тыс жерде дайындалды. Қарғын суды бұру жұмыстары жүргізіліп, 700 дана ыдыс-қап төселді.

«Сондай-ақ «Облшығысжол» ЖШС және Жезкент тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері «Бородулиха-Жезкент» тасжолына инертті материалдар төсеген. Бүгінгі таңда су басу қаупі сейілді. Тәулік бойы мониторинг жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Көкпекті ауданының Самар ауылында және Алтай ауданында ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің күштері су тасқынына қарсы жұмыстарды қолға алған. 50 адамнан тұратын жеке құрам 5360 метр арық пен су бұру арналарын, 38 метр су өткізу нысандарын тазалап, 38 үй маңындағы аумақтан қар шығарды. Бұдан бөлек, инертті материалы бар 2320 дана ыдыс-қап дайындалып, ұзындығы 45 метр мұз кесу жұмыстары жүргізілген. Қазір мұндағы мұз қалыңдығы – 1,5 метрді құрайды.


Соңғы жаңалықтар