ШҚО-да қазақ тілі пәні мұғалімдерінің жартысына жуығының білім деңгейі төмен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қазақ тілі мұғалімдерінің 49%-ның білім деңгейі төмендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында Даниал Ахметов Шығыс Қазақстандағы балалардың қазақ тілін дұрыс білмеуінің себебі ұстаздардың кәсіби деңгейінің төмендігінен екендігін айтты.

«Талдау көрсеткендей, қазақ тілі мұғалімдерінің 10 пайыздан астамының білім деңгейі оқушылардың деңгейінен сәл ғана жоғары. Ұстаздардың 49 пайызы өздері сабақ беретін пәнді жетік білмейді. Ал 36 пайызында базалық білім бар», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ орыс тілі мұғалімдерінің 28 пайызының білім деңгейі төмен. Қазіргі уақытта бұл педагогтар арнайы оқудан өтуде.

«Қазақ тілінің 2200 мұғалімі қайтадан партаға отырып, білімдерін арттыруда. Ағылшын тіліне қатысты мұндай мәселе жоқ. 4 мың ұстаз біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білім сапасы 53 пайыздан 62 пайызға артты», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 27 кардиолог дәрігер жетіспейтіндігін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар