ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасы тексерілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО әкімі Даниал Ахметов Көкпекті ауданындағы көпбалалы отбасыларға арналған үйлердің сапасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Көкпекті ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа спорт кешеніне бас сұқты. Бұл орталықта кез келген спорт түрімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған (футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолдары, жекпе-жек залдары). Киім ауыстыратын ыңғайлы бөлмелер жабдықталған. Сондай-ақ үлкен автотұрақ пен балалар ойын алаңы да бар.

«Бұл жоба тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сондықтан оны Шығыс Қазақстанның бұрынғы 13 аудан орталығында жүзеге асырамыз», - деді облыс әкімі.

Сапар барысында ол көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға сатып алу үшін жеке инвесторлар есебінен салынған үйлердің жағдайымен танысты. Беспәтерлі үйден баспана алғандардың бірі – төрт баланың анасы Мәдина Қожахметова. Өңір басшысы көпбалалы отбасын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар Даниал Ахметов101 оқушы білім алатын Бастаушы және 320 бала оқитын Самар ауылдарында орналасқан екі мектепте болды.

«Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектепте облыстық бюджет есебінен жасалған күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы жақсы. Самар №1 орта мектебінде компьютерлер саны жеткілікті. Бүгінде Шығыс Қазақстанның білім шаңырақтары елімізде компьютерлік техникамен ең жақсы жабдықталған облыс. Биыл тағы бағдарламалаудың озық түрлерін оқыту бойынша жаңа бағдарлама іске қосылады», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар