13:25, 28 Наурыз 2020 | GMT +6
ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Коронавируске шалдыққан Семей қаласының 2 тұрғынымен 6 адам байланыста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Вирус жұқтырған ерлі-зайыптылармен байланыста болғандар анықталды. Қазіргі уақытта сол 6 адам дәрігерлердің бақылауында. Оның екеуі карантиндік стационарға, төртеуі арнайы провизорлық стационарға жатқызылған. Қажетті ем-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.
Сондай-ақ олардың тұрғылықты жерлерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Семей қаласында 2 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ерлі-зайыптылар 21 наурыз күні Мысырдан келген.