ШҚО-да ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарайды ҚазАқпарат.

Іс-шара 2019 жылғы 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің конференц-залында өтті. Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың жаңа Жолдауында айтылған басым міндеттерді талқылау.

Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Е.Б. Саировтың қатысуымен өтті.

Е.Саиров Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айта келе, республиканың жекелеген шекаралас аудандарын дамытудың, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің, жастарға сапалы білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, саясаттанушы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі нақты қандай жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.

«Ел Президенті Қ. Тоқаев педагогтің әлеуметтік мәртебесін арттыруды еліміздің басты басымдықтарының бірі деп белгіледі. Әлем өзгереді, дүниенің технологиялық құрылымы өзгереді. Осы кезеңнің басты тұлғасы - мұғалім. Мұғалім өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістер биіктігінде болуы керек», – деді Е. Саиров.

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.С. Рамазанов алғы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауы барлығын тиімді және үйлестірілген жұмысқа жұмылдыратынын атап өтті.

Көкпекті ауданының әкімі А.С.Смаилов әрбір адам өз учаскесінде қойылған міндеттерді жүзеге асыруға барынша тікелей және белсенді қатысуы тиіс екенін айтып өтті. Тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуы ғана азаматтардың әл-ауқатының өсуін, экономиканың дамуын, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді.

«Өңірді дамытудың негізгі басымдығы білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Технологиялар мен инновацияларға баса назар аудара отырып, біз білімге бас ию туралы естен шығармаймыз, ол елімізде жалпыға бірдей болуы керек», – деп белгіледі Е. Досымұлы.

Дөңгелек үстел жұмысына жұртшылық, мемлекеттік органдар, бизнес, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге баяндама жасағандар: А.С. Смаилов – Көкпекті ауданының әкімі; Е. Досымұлы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры; Е.П. Сихвард - Самар а. кітапхана директоры, қоғамдық пікір көшбасшысы; С.Б. Мұқашев – Ардагерлер кеңесінің төрағасы және т.б.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың негізгі бағыттары қоғам мүддесіне жауап беретінін және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру стратегиясына сәйкес келетінін атап өтті.

Сөз соңында барлық қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар