ШҚО-да мал ұрлаумен айналысқан 2 адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мал ұрыларын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Көкпекті аудандық полиция бөліміне шаруа қожалығының 56 жастағы иесі жүгінген. Өз сөзінде ол түнде белгісіз біреулердің шаруа қожалығы аумағына кіріп, 2 бас ірі қараны ұрлап кеткенін айтты.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Самар ауылының 26 және 29 жастағы тұрғындарын ұстады. Күдіктілерден заттай дәлелдемелер, атап айтқанда ірі қараның терісі табылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мал ұрлағаны үшін күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары Жарма ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында 11 жылқыны тапқан. Бұл жылқылар Аршалы ауылдық округінде 2020 жылдың 10 желтоқсанында жоғалып кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар