+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

ШҚО-да маска тақпағандар жауапқа тартылуда

2021 жылғы 16 сәуір 01:16
Бөлісіңіз:
ШҚО-да маска тақпағандар жауапқа тартылуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шараларын бұзудың 20-ға жуық фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Зайсан ауданында мал қырылып жатыр – ШҚО БҚО-да коронавирустан қайтыс болғандар бойынша мәлімет жарияланды «Ashyq» арқылы бір айда 1749 науқас анықталған

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«14 сәуір күні Өскеменде 303 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 15 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген заңбұзушылықтар бойынша 175 020 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Алтай ауданында жүргізілген тексеру барысында 141 нысан қамтылып, шектеу шараларын бұзған 2 адам тіркелді. Глубокое ауданында мониторингілік топтар 117 нысанды тексеріп, маска режимін бұзудың 1 фактісін анықтаған.

Сондай-ақ Шемонаиха ауданында тексерілген 75 нысанда маска тақпай жүрген 1 адамға айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT