ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндіру көлігіне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау үшін рейд жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кейбір азаматтар өрт сөндіру көліктерінің қозғалысына кедергі келтіріп жатады. Міне соның салдарынан құтқарушылар алтынға бергісіз уақытты жоғалтады.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Өскемен, Семей, Риддер және Алтай қалаларында арнайы рейд өткізілді. Шараға департамент мамандары мен полиция қызметкерлері қатысты. Бұл жолы көлік көп жүретін жолдар таңдалып алынды.

«Рейд нәтижесінде Өскеменде – 1, Риддерде – 4 және Алтайда – 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Семейде – 3, Алтайда – 5 адамға ескерту жасалды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар