ШҚО-да өткен жылы кезекте тұрған 523 көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылы кезекте тұрған 523 көпбалалы отбасы баспаналы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінде өткен жиын барысында көпбалалы отбасыларға қандай қолдау көрсетіліп жатқандығын айтып берді.

«Өңіріміздегі 3,8 мың көпбалалы отбасының бүлдіршіндері балабақшаға тегін барып жүр. Бұл мақсатта 373 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ көпбалалы отбасыдан шыққан оқушылар 100% мектеп формасымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді», - деді әкім.

Өткен жылы кезекте тұрған 523 отбасы қоныс тойын тойлаған. Алдағы 3 жылдың ішінде кезектегі барлық көпбалалы отбасы баспаналы болмақ.

«Алайда біз масылдыққа жол бермеуіміз керек. Жұмыс істеуге қабілеті барлар еңбек етуі тиіс. Оларға жұмыс табуға көмектесеміз. Жеке кәсібін бастағысы келгендерге де қаржылай демеу көрсетілуде», - деді Даниал Ахметов.



Соңғы жаңалықтар