+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

ШҚО-да өзендердің бірінде тағы да балық қырылды

2021 жылғы 19 сәуір 10:27
Бөлісіңіз:
ШҚО-да өзендердің бірінде тағы да балық қырылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СІМ Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткен жайлы мәлімет таратты Жеңіс күні қарсаңында Ақмола жастары экологиялық акция өткізді Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын қоғамдық мониторинг бақылайды

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына 18 сәуірде Шар өзенінде балықтың қырылғандығы туралы ақпарат келіп түскен.

«Аталған су қоймасы «Ақтайлақ» шаруа қожалығының қарамағына бекітілген. Сол жерге келіп жеткен мамандар өлі балықтардың жағалаудан 800 метрдей қашықтықта жатқанын көрді. Қырылған балықтың жалпы салмағы – 450 келі. Көзбен шолу кезінде балықтарға қандай да бір зақым келгені анықталған жоқ», - делінген инспекция өкілдері таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Өзеннің орталық бөлігінде су тереңдігі 80 сантиметр ғана. Алдын ала мәлімет бойынша балықтың қырылуына су қоймасының таяз жерлерінің қатуы себеп болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ертіс өзенінде балық қырылғандығы хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT