-
ОНЛАЙН:
ШҚО-да өзін коммуналдық мекеме қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзін коммуналдық мекеме қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 86 жастағы қарт кісі хабарласқан.
Оның айтуынша, белгісіз ер адам пәтеріне келіп, өзін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ қызметкері ретінде таныстырған. «Ыстық су пломбасын ауыстырамын» деген ол ішке кіріп, зейнеткердің ақшасын жымқырып кетті.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары «Сергек» бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктіні қолға түсірді. Ол 1986 жылғы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын мөлшері анықталуда», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта ер адам Өскемен қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- ШҚО-да биыл 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек
- Өскемен мен Семей қаласындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшуі мүмкін
- СҚО-да студенттер эвакуатормен вагон ұрлап кеткен
- ШҚО тауларында көшкін жүру қаупі бар
-
ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда
-
Өскеменде пәтер өртеніп, 3 адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам