ШҚО-да пандемия кезінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қандай көмек көрсетілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қажымұқан Оспанғалиев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 мекеме жұмыс істейді. Онда 606 тәрбиеленуші бар. Аталмыш санаттағы балаларға пандемия кезінде меценаттар қолдау білдірді. Әр мекеме термометрмен, сондай-ақ антисептикалық және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген.

Білім басқармасы пандемия кезінде немқұрайлық танытпаған шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне алғысын айтты.


Қажымұқан Оспанғалиевтің айтуынша, облыстағы кәсіпорындардың бірі балаларға ноутбуктер, дезинфекциялық туннельдер, маскалар, антисептиктер, санитарлық кілемшелер және электронды термометрлер алып берып, жазғы демалысты ұйымдастырды.

«Дегдар» гуманитарлық қоры балаларға қажетті дәрі-дәрмек беріп жіберді.

«Дара» қайырымдылық қоры да пандемия кезінде көп көмек көрсетті. Оқу жылы басталмас бұрын №8 балалар үйіне теледидар, принтер, модем, құлаққаптар мен 20 смартфон алып берді. Аталмыш қор есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға 3 ноутбук пен 14 планшет тарту етілді.


Өскемендегі №19 мектепке спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Енді көзі нашар көретін балалар голбол сынды спорт түрін үйренетін болады.


«Дара» қоры ерекше қажетіліктері бар балаларға сапалы білім беруге көмектесетін біздің сенімді серіктесіміз. Бес жылдың ішінде осы қормен бірлесіп, бірнеше жобаны іске асырдық. Өскемен мен Семейде психологиялық-педагогикалық коррекциямен айналысатын екі кабинет ашылды. Облыс көлемінде алғаш рет Өскемендегі №19 мектепте көзі нашар көретін балаларға арналған арнайы класс жасақталды. Өскемен мен Семейдегі №8 және №20 мектептердің базасында ерекше қажетіліктері бар балаларға арналған ресурстық орталықтар бой көтерді», - дейді Қажымұқан Оспанғалиев.


Соңғы жаңалықтар