+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

ШҚО-да прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды

2019 жылғы 13 желтоқсан 17:22
Бөлісіңіз:
ШҚО-да прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысы: Шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына парақорлық үшін айыппұл салынды Елордада Джанлука Эспозитомен жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ынтымақтастығы талқыланды Ақтөбеде жолдарды қардан тазартуға 800 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылғы желтоқсанда прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кесті», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, биылғы 10 желтоқсанда Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды.

«Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. («Қорқытып алушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген ҰҚК мәліметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT