ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» жобасы жүзеге асырылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 35 мәдени нысан жөндеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша археология саласына көп көңіл бөлінуде. Еліміздің жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев көне мұраларды тапты.

«Экспедициялар барысында алынған артефактілер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын толықтырып, 3 томдық «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі», «Қазақстан тарихы» монографияларын жазуға негіз болып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жергілікті авторлардың 9 мың дана кітабы, жас ақындар мен жазушылардың жинақтары басып шығарылды», - делінген ақпаратта.

Былтыр 35 мәдени нысанға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жарма ауданы Әуезов кентінде Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ұлан ауданының Бестерек ауылында археологиялық музей-кешеннің құрылысы аяқталуда.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданы Топқайың ауылындағы, Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылындағы мәдениет үйлерінің, Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы археологиялық кешеннің құрылысы жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар