ШҚО-да соңғы бес жылда музей қоры 22,5 мың жәдігермен толықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылдан бастап археология са­ла­сындағы ғылыми-зерттеу жұ­мыс­та­рының бағдарламасы жүзеге асы­ры­лып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, осы бағдарламаның арқа­сында Қазақстанның жетекші архео­логтері Зейнолла Самашев пен Әб­деш Төлеубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстанның бірегей ар­хео­логиялық ескерткіштері – Берел, Еле­­ке Сазы, Шілікті, Көкентау зерттелді.

«Жұмыс нәтижесі бойынша қола, ерте темір, ерте және кейінгі орта ғасыр кезеңдерін сипаттайтын құнды артефактілер табылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 22,5 мыңнан астам жәдігермен толық­ты. Зерттеу нәтижелері бүкіл Еура­зия кеңістігіндегі ғылыми қо­ғам­­дастықтарда мойындалды», - деді ол.

Даниал Ахметовтың сөзінше, осы жылдың 27 қыркүйегінде Ұлы­британияның Лондон шаһарында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ұсы­нылған.

«Көрмеге ата-бабалары­мыздың мәдени және археологиялық жетіс­тіктерін сипаттайтын алтыннан жа­салған 15 мыңнан астам артефакт қойылды. Бұл көрме қалың жұрт­шылық пен ғылыми қауымдастықты бірегей жәдігерлермен таныстырып қана қоймай, Қазақстан мен Ұлы­британия Корольдігі арасындағы мультимә­дени алмасу тізбегінің бір буынына айналды. Осылайша, біз әлемдік қоғам­дастық үшін Ұлы дала көшпенділері тарихының жаңа беттерін ашып келеміз, олар біздің ата-бабала­ры­мыз­дың әлемдік өркениеттің қалып­тасуына қандай үлкен үлес қосқанын көрсетеді», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар