+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

ШҚО-да соңғы төрт күнде 7 өрт шықты

2021 жылғы 18 қазан 10:03
Бөлісіңіз:
ШҚО-да соңғы төрт күнде 7 өрт шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар 15-18 қазан аралығында 7 өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талғар ауданында өрттен үйсіз қалған 34 адам үшін жаңа баспана салынады - әкімдік Алматы облысы Төңкеріс ауылындағы өрттің себебі белгілі болды Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қазанда Глубокое ауданы Прапорщиково ауылы Трудовая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласындағы монша жанды. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолданудан болуы мүмкін.

«Сол күні Өскемен қаласындағы саяжай учаскесінің аумағында гараж шатыры мен жапсарлай салынған монша өртенген. Қызыл жалын гаражда тұрған 2003 жылы шыққан «Toyota Highlander« маркалы автокөлігіне жайылды. Сондай-ақ Үржар ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 36 тонна пішен жанған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – балалардың отты абайсыз қолдануы себеп болды. Пішен өрті Күршім және Зайсан аудандарында да тіркелген», - делінген ақпаратта.

17 қазанда Семей қаласында жер үй ауласындағы шаруашылық қора-жайдың ағаш құрылымдарын жалын шарпыды. Оқиға орнына шұғыл келген құтқарушылар тілсіз жауды сөндірді.

18 қазан күні Бесқарағай ауданында жеке тұрғын үйдің шатыры, қабырғалары мен монша жанды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрге жеткен. Оттың шығу себебі – пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT