ШҚО-да сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетке 502 млн теңге залал келтірілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетке 502 млн тенге залал келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есеп беру жиынында ШҚО бойынша ҚР жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет былтыр облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 137 қылмыс тіркелгенін айтты.

Осының салдарынан мемлекетке 502 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген. Бүгінде бұл қаражаттың 61% қайтарылған.

«Өңірімізде тұрмыстық сипаттағы парақорлықтың жолын кесу мақсатында «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы сәтті жүзеге асуда. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша да бірқатар шаралар атқарылған. Бізге өтініш білдірген бизнес өкілдерінің 90%-на көмек көрсетілді. Нәтижесінде 21 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 16 адам жауапқа тартылған», дейді Ерлан Жалмағамбет.

Сондай-ақ «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы аясында 1500 мемлекеттік мекеме өз бюджеттері туралы ақпараттарын ашық түрде орналастырған. Осының арқасында азаматтар әр қаражаттың нақты қандай мақсатта жұмсалғанын қадағалап отыруға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар