ШҚО-да тағы 15 көпбалалы отбасы баспаналы болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында көпбалалы отбасыларға арналған 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова тұрғын үй құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйін айтып берді.
«Биыл аудан орталығы Глубокое кентінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның 45-і кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болса, қалған 15-і көпбалалы отбасыларға берілмек», - деді ол.
Бұдан бөлек, қазір Глубокое кентінде 20 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін екі пәтерлік 10 үйдің құрылысы жүргізілуде. Облыстық бюджет қаражаты есебінен үйлерді сатып алуға 280 млн теңге, сондай–ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу үшін аудандық бюджет есебінен 28 млн теңге бөлінген.
- СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
- Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары қаңтардың аяғына дейін ұзартылды
- ШҚО мектептерінде 60-қа жуық заңбұзушылық анықталды
- Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі ақпанда іске қосылады
-
Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
-
ШҚО полицейлері заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам